Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олжас Сүлейменов немересінің қазасына кінәлі қызға қатысты сотқа тағы да хат жолдады

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жол апатынан көз жұмған Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты аппеляциялық шағым бойынша тыңдалымды жалғастырды. Марқұмның атасы Малика Мұхитованың бас бостандығынан айырмауды тағы да сұрады.

Олжас Сүлейменов немересінің қазасына кінәлі қызға хатысты сотқа тағы да хат жолдады

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған еді. Үкім бойынша Мұхитова 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгінгі сот тыңдалымында судья Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді.

«Менің жұбайым Сүлейменова екеуіміз денсаулық жағдайымызға байланысты жәбірленуші ретінде сот процесіне қатыса алмаймыз. Алайда жалғыз немересінен айырылып отырған біз жәбірленушіміз. Миллиондаған қазақстандық пен сот осылай санайды. Ауыр қаза кезінде адамдар дінге жүгінеді. Құран мен Інжіл өзінен мейірім танытуға күш табуға үндейді. Үлкен қателіктерді кешіруге шақырады. Осы негіздерге сүйене отырып, отбасындағы ең үлкені ретінде Астананың қалалық сотына хат жолдап, Мұхитованы бас бостандығынан айырмай-ақ қылмысы үшін жазалауды сұраған едм», – деп жазған ақын хатта.

Хатта Сүлейменов жұбайының өзін қолдағанын жазған. Ал қызым Лейла мен басқа да туыстарым қиын жағдайда мейірімділік танытудың адамдардың адамдығын сақтайтынын және игі істер үшін өмірін ұзартатынын уақыт өте түсінеді, дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Астанадағы «Мәңгілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейментің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан. Мұнан кейін айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі талап етілген еді. Артынша марқұмның анасы сот төрағасының талабы бойынша материалдық шығын өтемақысын сұрағандарын айтты. Біраз уақыттан кейін марқұмның ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты.

Ал таяуда Малика Мұхитоваға қатысты сот үкімі шығып, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау