Олжас Сүлейменов немересі көз жұмған апатқа кінәлі қызды бас бостандығынан айырмауды сұрады

Жазушы Олжас Сүлейменов Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрайды, деп жазады Tengrinews.

Олжас Сүлейменов немересі көз жұмған апатқа кінәлі қызды бас бостандығынан айырмауды сұрады

Бойжеткен Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған еді.

«Ескендір қаза болғалы 6 ай уақыт өтті. Ешнәрсе қазаның орнын толтыра алмайды. Немерем біліксіз жүргізушінің қателігінен көз жұмды. Оның көлігі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан немеремнің мотоциклін қағып кетті. Тергеу ісі мұны анық-қанығына дейін дәлелдеді. Соған сәйкес аудандық сот шешім шығарды.

2018 жылдың 26 желтоқсанында Астана соты шешімді қайта қарайды. Мен Сүлейменовтер отабсының басшысы ретінде бар жауапкершілікті өз мойныма ала отырып, сот төрешісінен айыпталушыны жазалауды, бірақ бас бостандығынан айырмауды сұрайды. Ол 30 жаста. Тұрмысқа шығып, ана атансын. Сол кезде біздің қайғымызды түсінетін болады», – деп жазған Олжас Сүлейменов хатында.

«Ескендірді қайта оралта алмаймыз, бұл қыздың да өмірін құртқымыз келмейді», – деп қайталады жазушы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар