Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Судья марқұмның анасының сөзін жоққа шығарды

Олжас Сүлейменовтың немересі Ескендір Сүлейменовтің қазасына қатысты істі жүргізген судья жәбірленуші тараптың сөзін теріске шығарды, деп жазады Sputnik– ке сілтей отырып Stan.kz.

Фото: Владислав Воднев

Айта кетейік, іске қатысты жәбірленуші тараптың 14 млн теңге өтемақы сұрағанын хабарлаған едік. Марқұм Ескендір Сүлейменовтің анасы не үшін 14 миллион теңге өтемақы талап еткендерін түсіндірді.

Ләйлә Сүлейменова кінәлі тараптан сот төрешісі Қанат Тобағлиұлының 14 млн 753 мың теңге өтемақы өндіруін сұрауды талап еткенін БАҚ-қа мәлімдеген еді.

«БАҚ-қа мәлім еткендей, жәбірленуші тараптан ешкім өтемақы өндіруді талап еткен жоқ. Бұл туралы сотқа дейінгі тәртіпте айтылды. Сондықтан жәбірленуші тараптың өтініші бойынша азаматтық талапкер келісті. Ешкімнің талап етуге құқысы жоқ. Бас тартамын десе де жәбірленуші тараптың еркінде», – дейді судья Қанат Тобағалиұлы.

Келесі сот отырысы 9 қарашада өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 22 маусымда Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменов жол апатына қаза болды. Ол мотоцикл жүргізіп келе жатқанда жеңіл көлікке соқтығысқан. Өткен аптада Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыздың қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан болатын. Ескендір Сүлейменовтің өліміне кінәлі қыз оның ата-анасынан кешірім сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау