Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Марқұмның ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты

Астанада белгілі қаламгер Олжас Сүлейменовтің жол апатынан көз жұмған немересінің өліміне қатысты сот ісі жалғасуда. Марқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы айыпталушыдан талап етілген материалдық шығын туралы талап-арызды қайтарып алды.

Ескендір Сүлейменов

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Айта кетсек, бұған дейін Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі талап етілген еді. Артынша марқұмның анасы сот төрағасының талабы бойынша материалдық шығын өтемақысын сұрағандарын айтты.

Ал бүгін Астанадағы қалалық №2 сотта жәбірленуші тараптың қорғаушысы Дамир Сандинов аталған қолдаухатты оқыды.

«24 қазанда болған сот отырысында зардап шеккен тараптың өкілі сотталушы Мұхитовадан мүліктік шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арыз берген еді. Қазақстан Қылмыстық процессуалдық кодексінің 169-бабы 1-тармағына сәйкес, азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген кезеңінде талап-арызды қайтарып алуға құқылы», – дейді қорғаушы.

Сүлейменовтер отбасының қорғаушысы сот төрағасынан материалдық шығынды өтеу туралы азаматық талап-арыздың қаралмауын сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда «Мігілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейментің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау