Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлтіріп, кілемге орап тастаған: Теміртауда әйелдің мәйіті табылды

Теміртауда 25 жастағы тұрғын өзімен бірге ішімдік ішкен әйелді өлтіргені үшін тұтқындалды. Ол құрбанын өлтіріп, жауапкершіліктен қашу үшін мәйітті кілемге орап, пәтерден шығарып, сол маңға лақтырып тастаған, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Өлтіріп, кілемге орап тастаған: Теміртауда әйелдің мәйіті табылды

Полицейлер қоңырау түскеннен кейін, әйелдің денесін қалалық трансформатор стансасының маңынан тапқан. Олар мәйітті қарап, сот-медициналық сараптама әйелді буындырып өлтіргенін көрсеткен.

Әйелдің киімінде және мәйіті жатқан жерде оның ешқандай құжаты болмағандықтан, полицейлердің жұмысын қиындаған. Әйелдің тұлғасын анықтау үшін оларға бірнеше сағат қажет болды.

Полиция қызметкерлері қайтыс болған әйелдің көршісінен таяуда оның үйінде қонақтар болғанын және оның ішімдік ішкенін білген. Сонымен қатар олар күдіктінің белгілерін анықтап, іздеп тапты.

25 жастағы күдікті өз кінәсін мойындап, ішімдік ішу барысында танысымен арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқандықтан, оны буындыры өлтіргенін айтты.

«Өз әрекетін түсінгеннен кейін ер адам қылмысының ізін жасыру үшін мәйітті шығарып, көшеде тастаған», – дейді Қарағандық облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводағылар аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Ал күдікті тергеу амалдарының соңына дейін қамауға алынған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау