Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлтірілген ағайындыларды өлім алдында айуандықпен қинаған

40 бас сиыр үшін қинап өлтірген! Алматы облысында мал сатып жүріп, іс-түссіз жоғалған ағайындылардың мәйіттері табылды. Сөйтсе, ірі қараға қызыққандар атпалдай 3 азаматтың аяқ-қолын байлап, айдалада атып кетіпті. Ал денелерін ескі қораның ішіне мал тезегімен  көміп тастаған. Қанды қылмысқа қатысы бар күдіктілер де алысқа бармай ұсталды. Екі адам қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр. Дегенмен, қара жамылған ағайын-туыс олардың сыбайластары әлі бостандықта деген сенімде, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Снимок экрана (32)

Бауырларының тірі екеніне сеніп, 9 күн бойы табанынан таусылып іздегендер бүгін осылай мәйітхана алдында жүр. Таудан табылған денелерді жатпай-тұрмай тексерген сот-сараптама небір сұмдықтың бетін ашыпты. Сөйтсе, 40 бас сиырға қызыққандар ағайындылардың аяқ-қолын арқанмен байлап, айдалаға апарып атып өлтірген.

«Әрқайсысын жеке -жеке, екеуінің басынан атқан, біреуін кеуде бөлігіне атқан. Күдіктілер ұсталды. Біреуінің аты – Талғат, екіншісінің аты – Оңалбаев Мұрат деген жігіт. Таудың ішіне апарған. Сол жақта шлагбаум бар екен. Сол шлагбаумда тоқтап, бірінші Мұқиятты өлтірген, одан кейін Жарқынды өлтірген, одан кейін Қаділбекті де байлап, сол байлаған күйінде атқан», – дейді марқұмдардың ағасы Еркін Бейсеке.

Ал жылмысқы ойын іске асырған соң, мәйіттерді елді-мекеннен жырақтау жердегі ескі қораның ішіне жасырыпты. Ал қандықол қарақшылардың түбіне сол ұрлық мал жеткен. Алматы облысындағы Сұраншы батыр ауылында қараусыз жайылып жүрген қаптаған сиырды бірден байқаған жұрт күдіктілерді ұстап берген. Қазір ұрылар екеу болдық дегенмен, марқұмдардың туыстары бостандықта әлі сыбайластарының барына сенімді.

«Бірінші малын түсіріп алған, сосын атып өлтірген. Одан көмген.  Айуандықпен  қинаған. Сосын өлікті малдың қиымен көміп кеткен. Бұл қылмысты бірнеше адам жасаған деп ойлаймын. Ұлдарым  2-3 адамның қолынан өлмес еді. Үшеуі де қарулы мықты жігіттер еді….», – дейді марқұмдардың әкесі Тұрсын Әмірбайұлы.

Малымен қоса жоғалып, артынша өлігі табылған үш бірдей ағайынның өлімі қоғамда үлкен шу тудырып отыр. Олардың айдалада айуандықпен өлтірілгенін естіген жұрт арқаны кеңге салған аудандық ішкі істер бөлімшесінің алдында наразылық шарасын ұйымдастырған болатын.

«300-400 адам көтерілгеннен кейін барып 2-ақ адамды ұстап отыр. Ол 2-3 адамның қолынан келмейді. Біздің Қаділбекіміз бауырымыз өзі төрт адамға шамасы жететін жігіт. Қалай байласа да!» – дейді марқұмдардың ағасы Әутен Әбілмәжитұлы.

Бір апта бойы көң арасында жатып қалған мәйіттер бұзыла бастаған. Оларды айқай-шумен әрең дегенде таптыртқан туыстары жер қойнына тапсыру үшін дереу ауылдарына алып кетті.

 

Талқылау