Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өліп қалды деп ойладым: Маңғыстауда ойнап жүріп тоққа түскен баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтты 

Маңғыстау облысында ойнап жүріп тоққа түсіп қалған 8 жасар Данияр ауруханадан шығарылды. 3 күн комада жатқан бала әрең есін жиған. Бүгінде оның беті бері қарап келеді екен. Ол үйге жіберілгенімен, дәрігерлер бақылауға алған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Өліп қалды деп ойладым: Маңғыстауда ойнап жүріп тоққа түскен баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтты 

Қайғылы оқиға орын алған күні Данияр балалармен бірге көшеде ойын қуып жүрген. Ол электр бағанасынан шығып тұрған темірді ұстай қалғанда, тоққа түсіпті Бастапқыда анасы демі шықпай, ес-түссіз жатқан ұлын көргенде, оны өліп кетті деп ойлаған. Сөйтіп айналасындағыларды көмекке шақырыпты.

«Көрші балалардың айқайлағанын естіп, жүгіріп шықтым. Ұлымды көрдім… Оның жүрек соғысы болмады. Ес-түссіз жатты. Достары Даниярдың бағанадағы тоққа түсіп қалғанын айтты. Жерден темір шығып тұрған екен. Ол соны ұстаған. Сымдар да салбырап тұрды», – дейді Даниярдың анасы Марал Таскебаева.

Сол маңнан өтіп бара жатқан бойжеткен жедел жәрдем бригадасы жеткенше балаға көмек көрсетіп, жасанды тыныс алдыру шараларын жасап, оны құтқарып қалыпты. Алайда дәрігерлер 3 күн бойы комада жатқан баланың өмірі үшін барын салып күресті. Осылайша аяққа тұрғызған.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастаған.

Даниярдың анасының сөзінше, электр бағанасына жауап беретін мекеменің қызметкерлері шу бәсеңдегеннен кейін ғана ат ізін салған.

«Электриктер келді. Олар таспа тұрған жерді жөндеді. Сымы түсіп қалған екен. Соны жөндеп, темірді алып кетті», – дейді Даниярдың анасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау