Олимпиадаға қатысатын спортшылар формасының дизайны анықталды (фото)

Бейсенбі, 11 Ақпан , 2016 15:42

Мәдениет және спорт министрлігінде 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшылардың спорттық киіммен жабдықталуына орай арнайы құрылған комиссияның 2-ші отырысы өтті.

20160211132710

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия отырысына Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев сынды танымал спортшылар мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Ұлттық олимпиада комитеті мен тәуелсіз дизайнерлер қатысты.

20160211132705

Комиссия мүшелері киімнің сапасы, тігіс сапасы, дизайны ең басты талаптар екенін ескертті. Себебі ең бастысы киімнің спортшылар үшін ыңғайлы болуы өте маңызды.

Комиссия аталған мақсаттағы мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларға беру жөнінде шешім қабылдады. Отырыста жалпы талаптар, эскиздер мен отандық киім өндірушілердің ұсыныстары ортаға салынды. Айтылған ескертулер мен өзгерістер ескеріле отырып спортшылар формасының нақты дизайны белгіленді.

20160211132714

Естеріңізге сала кетейік бұған дейінгі Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарына барған спортшылардың киімін өзіміздің отандық компания әзірлеген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар