Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадаға іріктеу: Қазақстандық 3 боксшы ширек финалда

Бокстан Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу жарысында үш қазақстандық боксшы ширек финалға шықты.

бокссс

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

52 килограмм салмақта 2015 жылғы Азия чемпионы Олжас Сәттібаев филиппиндік Ролдан Бонкалесті, 64 килограмм салмақта Абылайхан Жүсіпов (жасөспірімдер арасындағы олимпиада чемпионы) оңтүстік кореялық Хун Яун Лиді, 81 килограмм салмақта Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Хегун Янды (Оңтүстік Корея) жеңді. Үш боксшы да қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалда Сәттібаев оңтүстік кореялық Ин Куммен, Жүсіпов австралиялық Давид Видлимен, Ниязымбетов сириялық Алаа Гуссунмен кездеседі. Ниязымбетов пен Гуссун былтырғы Азия чемпионатының ширек финалында кездесіп, қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.

Қытайдағы іріктеу жарысы 2 сәуір күні аяқталады. Әр салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікке енген боксшылар олимпиадаға жолдама алады.

Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Василий Левитте олимпиада жолдамасы бар.

Талқылау