Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадаға баратын ауыр атлеттер тізімі жарияланды

Талдықорғанда Ауыр атлетика бойынша ҚР чемпионаты аяқталды. Жалпы командалық есепте ерлер арасында да, әйелдер арасында да бірінші орынды Алматы облысының спортшылары алды.

20160608152753

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Күмісті» ШҚО өкілі иеленсе, көшбасшылар үштігін Қарағанды өңірі аяқтады.

20160608152713

Жарыс соңында баспасөз мәслихатында ҚР құрамасының бас бапкері Алексей Ни ауыр атлетикадан Олимпиада құрамасының бастапқы құрамын жариялады:

20160608152719

Осы жылдың басында Қазақстан чемпионатында іріктеліп, шамамен құрамамыздың саны белгілі болатынын айтқанмын. Содан кейін Олимпиадалық командаға әйелдер санын алтыға,   ерлерді сегізге дейін қысқартамыз. Екі қосалқыны спортшыны ескерсек, барлығы 14 адам. Кейіннен осы спортшылар Олимпиадалық ойындарға дайындалатын болады. Олардың қалай таңдалғаны ашық әрі түсінікті. Жарыс басында әлемдік рейтингтегі спортшылар, олардың жеке бапкерлері, басшылық, баспасөзді қарап саралаймыз. Соған сәйкес біз спортшыларды іріктейміз.

20160608152759

Тізімде әйел спортшылардан Елисеева Маргарита (до 48 кг), Чиншанло Зульфия (до 53 кг), Горичева Карина (до 63 кг), Манеза Майя (до 63 кг), Жаппарқұл Жазира (до 69 кг), Подобедова Светлана (до 75 кг) бар.

20160608152831

Ерлерден Чонтей Арли (до 56 кг), Харки Фархад  (до 62 кг), Рахимов Нижат (до 77 кг), Павлов Кирилл (до 77 кг), Уланов Денис (до 85 кг), Ильин Илья (до 105 кг), Зайчиков Александр (до 105 кг), Әбубәкіров Селимхан (105+ кг) барады.

Талқылау