Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиададағы Намибия құрамасының ту ұстаушысын әйел зорламақ болғаны үшін тұтқындады

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада қалашығында Намибия боксшысы Джонас Джуниус әйел зорлауға күдікпен ұсталды. Бұл туралы Lenta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

спортшы

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, 22 жастағы спортшы қызметші әйелге жармасып, оны сүймекші болған. Сондай-ақ боксшының оған ақша ұсынып, жыныстық қатынас жасау көңілін білдірген. Қызметші әйел бұл жөнінде полицияға шағымданған.

Джуниус Олимпиада-2016 ашылуы салтанатында Намибия құрамасының ту ұстаушысы болды.
Бұдан бұрын Рио-де- Жанейродағы Ойындарда Марокко боксшысы Хасан Саадты полиция екі қызметші әйелге жармасқаны үшін тұтқындаған болаын.

Олимпида ойындары 5-21 тамыз аралығында өтуде.

Талқылау