Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада «қола» жүлде алған Сыздықоваға пәтер сыйға беріледі

Қарағандыда Спорт күні Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындардың  барлық қатысушыларын құттықтайды. Эльмира Сыздықоваға ерекше құрмет көрсетілетін болды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова мәлімдеді.

үй-берілді4

«Олимпиада ойындарының ареналарында  жауапты жарыс   мінберіне көтеріліп, көк туымыз желбіреген сәтте барша Қазақстанның төбесі көкке жетеді. Бүгін Қазақстан қоржынында 15 медаль түсті. Қарағандылық жерлесіміз Эльмира Сыздықованы да қола медалімен құттықтаймыз», – деді Спорт күніне арналған брифингте  Сухорукова.

үй-берілді — копия — копия

Оның айтуынша, 25  тамызда Мұз айдынында үлкен мерекелік бағдарлама әзірленуде. «Бұл шоу-көрсетілім, бұл Олимпиада ойындары қатысушыларын  құттықтау. Ешкімді елеусіз қалдырмаймыз. Эльмираға бір бөлмелі пәтер тарту етеміз. Бұл Қарағанды облысы күрес федерациясының сыйлығы», – деп атап өтті спорт басқармасының басшысы.

Ол Риодағы Олимпиадаға 11 қарағандылық қатысқанын атап өтті. «Спорттың аты – спорт. Үнемі жеңіс тұғырынан көріну бола бермейді, жеңіліс те, ұтыс та болады», – деп қосты  Сухорукова.

үй-берілді2 — копия — копия

Эльмира Сыздықова – Ә. Молдағұлова атындағы балалар спортында дарындыларға арналған интернаттың тәрбиеленушісі. ҚР әйелдер күресі бойынша халықаралық сыныптағы спорт шебері. 2011 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2012 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2015 және 2016 жылдардағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

үй-берілді1 — копия — копия

Жеке бапкер – Владислав Сутормин.

Қарағандыға Эльмира 10 жыл бұрын СҚО-дан келген. Бұған  олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер мектебінің басшысы оның ағасы  Райымбек Сыздықов ықпал етті.

үй-берілді5

Еске салсақ, қазақстандық Эльмира Сыздықова жарыста мысырлық Энас Мұстафаны 7: 4 есебімен ұтып, Олимпиаданың үшінші орнын иеленді. 62 келіге дейінгі салмақ санатында бірінші орынды жапондық Сара Досо, екінші орынды – ресейлік Наталья Воробьева иеленген болатын.

Талқылау