Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада қазақстандық ескекшілер жартылай финалға өтті

Риодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев 1000 метр қашықтықта екілік байдарка есудің іріктеу турынан өтіп, жартылай финалға өтті.

ескекшілер

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Жалпы есепте олардың нәтижесі 30:30,380 уақытымен жетінші орынға тұрақтады.

31 жастағы Алексей Дергунов – халықаралық спорт шебері, Бейжің мен Лондондағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

2015 жылдың қараша айында Индонезияда өткен байдаркада және каноэде есу бойынша Азия чемпионатында 1000 метр қашықтықта екілік байдарка есуден бірінші орын алып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Евгений Алексеев – байдаркада және каноэде есу бойынша Қазақстан құрамасының капитаны, Азия ойындарының төрт дүркін жүлдегері.

Алексей Дергунов пен Евгений Алексеевтің қоржынында 2014 жылы оңтүстік кореялық Инчхонда өткен Азия ойындарының алтын медалі бар. Және олар ерлер арасында 1000 метр қашықтықта екілік байдарка есу жарысында ирандықтар мен қытайлықтарды басып озып, бірінші орын алған.

Талқылау