Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада ауыр жарақат алған спортшылар (фото, видео)

Олимпиада ойындары төрт жылда бір рет келетін үлкен әрі негізгі спорттық шара екені белгілі. Сондықтан Олимпиада алтынын алуды армандамайтын спортшы жоқ шығар, сірә.

cfe01889f29770c733578d71e7a1bccc_resize_w_520_h_
Фото: dneprovec.by

Baq.kz тілшісі осы және бұған дейінгі Олимпиадаларда ауыр жарақат алған спортшыларды тізіп көрді.

Спортшылардың барлығы үлкен жауапкершілікпен бірге жарақат алудың қаупі де бар екенін жақсы түсінеді. Себебі бапкерлер де, спортшының өзі де тек жоғары көрсеткіштерге ғана жетуге тырысады. Ал осы жолда аянбай, барын салу қажет. Содан жарақат алу жағдалайлары болып жатады. Рио-Олимпидасы да одан тыс қалған жоқ. Бір аптаның ішінде бірнеше спортшы ауыр жарақат алып, жарыс жолынан шығуға мәжбүр болды. Олардың кейбіреулері енді спортқа қайтып келмейтін тәрізді.

Ауыр атлетика

Сөз жоқ, күні кеше Рио Олимпиадасында 77 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен армяндық спортшы Андраник Карапетянның жарақаты ұзаққа дейін ұмытылмайды. Бапкердің өзі шынтағын шығарып алған шәкіртіне қарай алмай, бетін жауып, кері бұрылып кеткен.
b8832e02c731a755e5ae846576287e63

Бұған дейін Лондон Олимпиадасында тура осы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен кәріс атлеті Са Джэ Хек 162 келі зілтемірді жұлқып көтеремін дегенде оң қолы морт сынды. Осы жарақат спортшыға психологиялық жағынан қатты әсер етті. 2015 жылы желтоқсан айында ол ұлттық құрамадағы әріптесі Хван У Манмен бірге барда отырғанда сөзге келіп, оны қатты ұрып тастады. Сол үшін 10 жылға спорттан шеттетілді. Ал Хван У Ман бір ай бойы ауруханада жатты.
e3b8ad32fb1b84fb02f5290b1d3fcc9e

Ал 2008 жылы Бейжің қаласында өткен Олимпиадада мажарстандық Янош Баранья оң қолының шынтағын шығарып алды. Зілтемір артына қарай кетіп қалып, оның мойнына түскен.
c9eda817ed64fd85dc617276647cf875

Гимнастика

Рио-Олимпиадасының іріктеу сайыстарында француз гимнасты Самир Айт Саид ауыр жарақат алды. Жаттығуды орындау барысында ол сол аяғын екі жерден сындырып алды. Қазіргі кезде оған операция жасалды. Самир Айт Саид болса, 2016 жылы Токио Олимпиадасына қатысамын деп отыр. Француз гимнасты 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатыса алмады. Себебі тура солай оң аяғын сындырып алған болатын.
1353467c6f2dbebe533074bd06df8103


Рио Олимпиадасында жарақат алғаннан кейін дәрігерлер Самир Айт Саидты зембілге салып, көлікке кіргізіп жатқанда жерге түсіріп алды.

Велоспорт

Тамыздың 7-сі күні Рио-Олимпиадасына қатысқан голландиялық велошабандоз Аннемик ван Влетен топтық жарыс кезінде ауыр жарақат алды. Таудан қатты жылдамдықпен түсіп келе жатқан ол оңға бұрыла алмай, бардюрға соғылған. Велошабандоздың бірнеше қабырғасы сынды.
5b2b478c27bd66d32501e4bd4c992230

Бұдан бөлек, Риода «Астана» велокомандасының капитаны, итальяндық Винченцо Нибали да жарақат алып қалды. Ол алтыннан үміткерлердің үштігінде болды. Алайда құлап, бұғанасын сындырды. Сондай-ақ австралиялық Ричи Порт пен колумбиялық Серхио Энао да жарақат алып, жарыс жолынан шығуға мәжбүр болды.
65e8d2c582269edd83e596ce85916c4a

Айта кетейік, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 21-іне дейін жалғасады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Риода ерекше ойын көрсетті (видео)

Ақмола облысында ашылған бассейнге Баландиннің есімі берілді

Рахимов: Қазақ төбесіне көтеріп жатқанда неге маған қазақтың туын Риода көкке көтермеске

Данияр Елеусіновтің айқын жеңісі (видео)

Талқылау