Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Василий Левит сал ауруынан емделіп шыққан баланың тұсауын кесті

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит сал ауруынан емделіп шыққан баланың тұсауын кесті.

20160910002628

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Астанадағы “Қасиетті жол” қайырымдылық қорының оңалту орталығына барған Василий Левит ондағы сал ауруынан айығып, аяғын енді тәй-тәй басып келе жатқан Ермектің тұсауын кесті.

“Мен барлық балаларға денсаулық пен сабырлық тілеймін! Сендер нағыз Олимпиада чемпионысыңдар!” – деді Василий Левит.

Айта кетейік, “Қасиетті жол” қоғамдық қоры балаларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында 2009 жылы құрылды. “Нұр Отан” партиясының қатысуымен және “Самұрық-Қазына” қорының қаржылық қолдауымен “Ұлт болашағы” жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында 2014 жылдың наурызында оңалту орталығы ашылған болатын.

Талқылау