Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жеңімпаздарына доллармен сыйақы беру бас банкирге ұнамай қалды

Бүгін Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

169c7a1361de9a759f1354760dd

Фото: kapital.kz

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Отырыс барысында ақша-несие саясаты туралы баяндама жасаған Ұлттық банктың төрағасы Данияр Ақышев, олимпиада ойындарында жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақы туралы да айтып қалды.

“Теңге бағамының еркін «жүзу» жағдайында айырбас бағанымының күшеюі мен әлсіреуінің орын алуы көп ретте сыртқы факторларға байланысты. Әйтседе долларсыздандыруға қатысты шаралар жүйелі жүргізіліп жатыр деп айтуға болады. Халық үшін басқа валюталарға қарағанда теңгелік депозиттер әлдеқайда тиімді болар еді”, – деді Данияр Ақышев.

Бас банкир теңге бағамының еркін айналымда болуына қоғам мен бизнестің бой үйретуі үшін көп уақыт керек екендігін де айтып өтті.

“Тек активтердің ғана емес, сананы да долларлануынан құтылу оңай шаруа емес. Ұлттық валютамен өлшем жасау кезінде қиындыққа тап болып жататындар көп”, – деді бас банкир. Ол бұл ретте интернет сайттардағы көліктер мен жылжымайтын, басқа да мүліктер бағасын теңгемен басқа валютада көрсетуге тыйым салынғанын да еске салып өтті.

“Мүліктерді тек теңгемен бағалау, хабарландыруларда да бағасын теңгемен көрсету шарасын әрі қарай жалғастырамыз. Мәселен, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне де сыйақыны доллармен емес, теңгемен беруге болатын еді”, – деді ол.

Талқылау