Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жүлдегерлері «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс және қола медаль иегерлерін «Парасат» және «Құрмет» мемлекеттік ордендерімен марапаттады.

спортшылар

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Атап айтқанда, «Парасат» орденіне күміс медаль еншілеген – Гүзел Манюрова, зілтемірші Жазира Жаппарқұл, дзюдошы Елдос Сметов, сондай-ақ қола жүлдегер Иван Дычко ие болды.

«Құрмет» орденімен қола жүлдегерлер – дзюдошы Галбадраx Отгонцецег, зілтеміршілер – Карина Горичева, Александр Зайчиков пен Фарxат Харки, палуан қыздар – Екатерина Ларионова мен Эльмира Сыздықова, боксшы Дариға Шәкімова марапатталды.

«Сіздің қолдауыңыздың арқасында Олимпиада ойындарына тағы бір мәрте қатысуға және елімізге медаль алып беруге мүмкіндік алдым. Бұл -ұмытылмас сәт. Мен өзімнің президентіме, еліме деген мақтанышымды әлі де болса жасыра алмай жүрмін. Біз Қазақстанның әлемдегі спорттық держава екенін тағы бір мәрте дәлелдедік деп санаймын», – деді Олимпиада ойындарында күміс еншілеген палуан Гүзел Манюрова президентке қаратып айтқан сөзінде.

Талқылау