Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Иван Дычко жарына қатты ғашық екенін көрсетті (фото)

Олимпиаданың қола жүлдегері жұбайын қатты құшақтап, сүйіп алды. Оның бұл әрекетін фотографтар қалт жібермей, кадрға түсіріп алды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Иван Дычко өзінің инстаграмдағы парақшасында көзтартарлық сурет жариялап, оның астына «Менің жұлдызым» деп жазды. Екі ғашық Есения атты сәбидің 1 жас тойына барған.

Жанасыл есімді желі қолданушысы мұны ұятты қылыққа баласа, Ғазиз есімді оқырман: «Қашан үйленіп үлгергенсің?  Бақытты бол, дәу бала», – деп жазған.

Есесіне өзге оқырмандар Дычконың суретіне сүйсінді.

«Өте әдемі жұп», «қандай сүйкімдісіздер, бақытты болыңыздар», «құттықтаймыз, Токиода алтын аласыз деп үміттенеміз», – деп жазған желі қолданушылары.

Марина – тоқыма киімдерінің дизайнері. Дычко мен Маринаның 1,5 жастағы Мирослава есімді қыздары бар. Марина да, оның қызы да авторлық киімдерді киеді.

Естеріңізге сала кетйік, 26-жастағы Дычко олимпиададағы екінші қола жүлдесіне қол жеткізген еді.

Спортшының туған жері Қостанай облысындағы Рудный қаласы. Олимпиада жүлдегерін жерлестері бар сән-салтанатымен қарсы алған болатын. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, оның орынбасары және қала әкімі Дычко мен оның бапкерлеріне құрмет көрсетті. Иван Дычко Қостанай қаласынан үш бөлмелі пәтерге ие болды.

13597569_1463556473670337_169939277_n

12797968_1009882342426669_1843288305_n_02

Жіберіп алмаңыз: 

Иван Дычко: Жеңілуіме өзім ғана кінәлімін

Олимпиада жүлдегері боксшы Дариға Шәкімова Алматыға келді (фото)

Олимпиада жеңімпаздары жол апатынан зардап шеккен жас спортшылармен кездесті (фото)

Жазира Жаппарқұл Олимпиада жүлдесі үшін алған ақшасын сіңілісінің еміне жұмсамақ (видео)

Талқылау