Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жүлдегерінің әжесі жарысты тамашалап отырған кезде бақилық болды

56 келі салмақ дәрежесінде Рио-де- Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған Таиланд ауыр атлеті  Синпхета Круаитонгтың әжесі немересі қатысқан жарысты тамашалап отырған кезде бақилық болды.

20160808161724

Зілтеміршінің ата-анасының үйінде Круаитонгтің туыстары мен достары спортшыға жанкүйер болу үшін жиылған.

Телетрансляцияны тамашалау кезінде 82 жастағы Субин Кхонгтхаптың денсаулығы сыр берген.  Кейуананы ауруханаға жеткізді, онда дәрігерлер қарттың көз жұмғанын айтты. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оған инсульт себеп болған. Кхонгтхап туыстары оның немересінің медальға қол жеткізгенін көріп үлгермегенін хабарлады.

Жарыс жексенбі күні, 7 тамызда өтті. Қытайлық Лун Циньцюань Олимпиада чемпионы атанды, күміс жүлдеге КХДР өкілі Ом Юн Чхоль ие болды.

Жіберіп алмаңыз:

Франциялық жеңіл атлет Олимпиадада аяғын сындырып алды (видео)

Қазақстан Олимпиаданың бірінші күнінде 10-орыннан көрінді

Бүгін қазақстандық спортшылар Рио Олимпиадасында спорттың жеті түрінен сынға түседі

Талқылау