Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

 

Рио Олимпиадасында дзюдодан «алтын» алған ингушетиялық Хасан Халмурзаев бүкіл сыйақысын қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

чемпионннн

Халмурзаев қаржыны толығымен жеткіншектер спортын дамытуға жұмсайтынын айтады.

«Мен еліміздегі дзюдомен шұғылданатын өрендерге көмек көрсетуді ұйғардым. Еліміздің өңірлерінде спорт мектептерін ашуға үлесімді тигізсем деймін. Республикамыздан әлі талай Олимпиада чемпиондары шығады деп үміттенемін», – дейді чемпион.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ұңғыш балуаны бүкіл қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, тұғыр биігіне көтерілді. Осы ерлігі үшін Ресей үкіметі Хасан Халмурзаевқа 4 млн рубль тағайындады.

 

 

Талқылау