Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Елеусіновтің биі желі қолданушыларын тамсандырды (видео)

Риодағы Олимпиада ойындарында қанжығамызға алтын байлаған Данияр Елеусінов тек спорттағы шеберлігімен ғана емес, өзге де қырынан көрінді. Оның  ғаламтордағы биі көпшіліктің назарына ілігіп, таңдандырған-ды. Желі қолданушылары спортшыға жылы лебіздерін білдіріп, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт деген бағасын да берді.

Даниярдың-биі

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов “сегіз қырлы, бір сырлы” жігіт екен: рингте қарсыластарын бет қаратпайды, биді қатырады. Қазақстан құрамасына келесі алтын түскенше, осында билеп тұра берсінші”, “Міне, қазақтың жігітіне жетпіс өнер де аз!”, “Дарынды адам – барлық жағынан да дарынды”, “Боксшылардың барлығы жақсы бишілер” деген сынды пікір білдірді желі қолданушылары.

Талқылау