Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы 10 жылға спорттан шеттетілді

Са Джэ Хек әріптесін соққыға жыққаны үшін 10 жылға спорттық жарыстарға қатысу құқынан айырылды

1737641

Ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы, 30 жастағы Са Джэ Хек 31 желтоқсанда елдің солтүстік шығысындағы Чхунчхон қаласындағы барда 21 жастағы Хван У Манға шабуыл жасағандығы үшін айыпталды. Зардап шеккен азаматтың алған жарақаты жеңіл емес және жаттығуға тек алты аптадан кейін ғана орала алады.

Са Джэ Хек тергеу барысында өзінің кінәсін мойындаған.

Спортшы 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 77 салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілген. Бұдан басқа Са Джэ Хек 2011 жылғы әлем чемпионатында қола медаль еншілеген болатын

Талқылау