Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада-2018 жеңімпазы Галышеваға ҚазСТА құрмет белгісі табысталды

Қысқы Олимпиада-2018-де қола медаль иеленген Юлия Галышева мен жаттықтырушысы Елена Круглыхинаға Қазақ спорт және туризм академиясының құрмет белгісі табысталды.

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлады.

Академия басшысы Қайрат Закирьянов Галышева мен оның жаттықтырушысына алғысын білдірді.

Қайрат Закирьяновтың айтуынша, ел мойындайтын екі марапат бар, олар: Нобель сыйлығы мен олимпиада медальі.

«Қазақстан үшін сіздің қола медальіңіз үлкен жеңіспен тең. Бізде Нобель сыйлығы жоқ, дегенмен спорттың дамуына басты назар аударып жатырмыз. Қазақ спорт және туризм академиясынан 33 олимпиада жеңімпазы шыққан», – деді Закирьянов.

Өз кезегінде Юлия құрмет көрсеткені үшін рақмет айтты.

«Мен үшін бұл жарыстан медаль алу маңызды болды. Ойынға шығар алдында сәттілік менің жағымда болатынына іштей сенімді болдым», – дейді спортшы.

Жаттықтырушы Круглыхинаның айтуынша, Юлия Сочи ойындарынан кейін спорттық мансабын аяқтамақшы болғанын. Кейін олимпиада атағы үшін күресуге шешім қабылдаған.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандық гимнаст қыз халықаралық турнирде үш бірдей медаль жеңіп алды

Қытай спортшыларының бірдей екенін айтқан комментатордың басы бәлеге қалды

Төреші тоғыз футболшыны ойыннан аластатып, ойыншы жетіспегендіктен матчты тоқтатты

Сұлулығында мін жоқ: Көпбалалы ана атанып үлгерген қазақстандық жұлдыздар

Талқылау