Олимпиада: Үш боксшымыз жарысты әрі қарай жалғастырады

Жұма, 12 Тамыз , 2016 9:05

Олимпиаданың алтыншы күнінде қазақстандық спорт жанкүйерлері төрт боксшымыз бен дзюдошы Максим Раковтың татамиге шығуын асыға күтті.

бокссссс

Бұл туралы Baq.kz сайты жазды.

Максим алғашқы кездесуінде эстониялық Григорий Минашкинді жеңген болатын. Өкінішке қарай, 1/8 финалда 2014 жылғы әлем чемпионы чехиялық Лукаш Крпалек күтіп тұрды. Екі балуан арасындағы белдесудің тағдырын төрешінің ескертуі шешті. Төрешінің пайымдауынша жерлесіміз қарсыласына қарағанда сылбыр күрескен. Сол үшін екі шидо берді. Ал бұған наразы болып жатқандар көп. Кейіннен сол Крпалек барлығын ұтып, финалға жетті. Ақтық сында әзірбайжандық Эльмар Гасимовты жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды.

Ал боксшыларға тоқталатын болсақ. 56 келі салмақта өнер көрсететін Қайрат Ералиев әзірбайжандық Джавид Челебиевті жеңіп, еліне қайтарды. Ералиев кездесу басталысымен тізгінді өз қолына алды. Үш раундта да жерлесіміз басымдық танытты. Қорытынды есеп – 3:0. Кездесу жерлесіміздің пайдасына шешілді. Осылайша, Қайрат 2013 жылғы Алматыдағы әлем чемпионатында кеткен есесін қайтарды. Естеріңізде болса Джавид Челебиев жерлесімізді сол жолы жартылай финалда жеңіп, кейіннен әлем чемпионы атанған еді.

Қайрат Ералиев «Хабар» арнасына берген сұхбатында кездесуге тыңғылықты дайындалғанын және есе қайтаруды көздегенін айтады.

«Олимпиада ойындарына әрбір спортшы тыңғылықты дайындалып келеді. Бәрі жүлдеден үмітті. Әр жекпе-жекке психологиялық, тактикалық тұрғыдан дайындалғанымның арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын. Бірінші раундтағы басты мақсатым соққыларды дөп тигізіп, төрешінің назарын өзіме аудару болды. Екінші раундтан бастап қарсыласымды алдауға көштім. Әзербайжан боксшысы тек қана алға ұмтылып, тоқтаусыз ұра берді. Соңғы раундта өздеріңіз көргендей, қорғанысқа көп көңіл бөлдім. Бұл әдіс он нәтижесін берді. Сонымен қатар, бүгін әлем чемпионатында жіберген есемді де қайтардым деп ойлаймын», – Қайрат Ералиев.

Ал 69 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп жатқан ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов алғашқы қарсыласы Джош Келлиді ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Данияр үш раунд бойы қарсыласынан деңгейі жоғары екенін байқатты. Өзінің соққыларын діттеген жеріне дөп тикізіп отырған Елеусінов аса қиналмай жеңіске жетті. Енді 2013 жылғы әлем чемпионы венесуэлалық Габриэль Маэстромен кездеседі. Ол бүгін италиялық Винченцо Мангиакапромен жолығу керек болған еді. Бірақ еуропалық боксшы медициналық тексерістен өте алмай, Олимпиададан шығып қалды. Сондықтан жеңіс Маэстроға берілді.

Бұған дейінгі Олимпиадаларда 69 келіде өнер көрсеткен үш боксшымыз Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиевтер чемпион атанған еді. Сондықтан жанкүйерлер Данияр Елеусіновтен де алтын жүлде күтеді. Бұл салмақтағы мықтылардың бірі ресейлік Андрей Замковой алғашқы айналымда ұтылып қалған болатын.

Өкінішке қарай, 64 келідегі Абылайхан Жүісіпов алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Еуропаның вице-чемпионы британиялық Пат Маккормактан жеңілді. Әрине Абылайхан өте жас. Сондықтан алдағы Токио Олимпиадасында топ жаруға мүмкіндігі бар боксшы. Бастысы Олимпиада ойындарының атмосферасын сезініп қайтты.

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовте жарысты сәтті бастады. Жерлесіз 1/8 финалда беларусь боксшысы Михаил Долголевецты оңай жеңді. Енді ширек финалда әзірбайжандық Тимур Мамедовпен кездеседі. Бұл боксшы бұған дейін Олимпиада ойындарында жүлдег іліккен. Әлем және Еуропа ойындарынан табысты нәтиже көрсеткен.

Ал жалпы командалық есепте кешегімен салыстырғанда бір сатыға төмендеп, 12-ші орында тұрмыз. Қазақстанда қазіргі кезде екі алтын, екі күміс, үш қола медаль бар. топ басында 13 алтыны АҚШ тұрса, екінші орында Қытай, үздік үштікті Жапония қорытындылауда.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар