Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өліммен арпалысқан ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

Жол апатына ұшырап, жұртты алаңдатқан Ернар Айдар көпшілікті жаңа бейнебаянымен қуантты. Әнші шынайы оқиғаға негізделген клип таспалап, тыңдармандарын бір жылатып алды.

ернар айдар кунім сен сонбеші

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ернардың клипіне елдің сүйіспеншілігіне бөленген атыраулық ғашықтар түскен. Естеріңізде болса, 7 жыл бойы төсекке таңылған сүйіктісіне қамқор болып, одан бір адым алыстамаған Марлен есімді жігіт туралы бұған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз.

Жастай ауыр дертке шалдыққан Әнел бірнеше жыл бойы арнайы құрылғының көмегімен тыныс алған. Сүйіктісінің қолдауының арқасында 10 ота жасатқаннан кейін құлан таза айығып кеткен. Бүгінде қол ұстасқан қос ғашықтан асқан бақытты жандар жоқ. Олардың ендігі бар арманы – отау тігіп, бақытты ғұмыр кешу.

Ал жол апатына ұшырап, бір өлімнен аман қалған Ернар Айдардың кейіпкер ретінде Марлен мен Әнелді таңдап алуы бекер емес сияқты. Себебі ажалмен бетпе бет келген әнші халыққа махаббатты, өмірді дер кезінде бағалау керектігін түсіндіргісі келгендей… Ал халыққа нағыз махаббат хикаясын көрсеткен Ернарға “бәрекелдіден” өзге айтарымыз жоқ!

Жіберіп алмаңыз:

Абай Бегей марқұм келіншегін сағынғанын айтып жұрттың жүрегін ауыртты

Оққағар, люкс: бөлме, ұшақ, көлік: Қайратты шетелге шақыртушыларға қойылатын негізгі талаптар белгілі болды

Ақбота Сейітмағамбет: Дәуреннің отбасы барын басынан білдім

Айару Бақытбек: Итімізбен бір төсекте ұйықтап, бір дастарханнан тамақтанамыз

Талқылау