Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өлім мен өмір арасындағы таңдауға көмектесіңіздер": Жеткіншек желідегі сауалнамадан соң өзіне қол салған

Малайзияның он алты жасар тұрғыны Instagram — да оқырмандарына өмірді немесе өлімді таңдауға көмектесуді өтінген пост жариялағаннан кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабардайды Stan.kz ақпарат агенттігі Guardian басылымна сілтеп.

әлеуметтік желі

Қыздың денесін Кучинг қаласындағы сауда орталығының жанында кездейсоқ өтіп бара жатқан адам тауып, полицияны шақырған. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, қаза болғанға дейін жасөспірім желіде "өте маңызды, маған D мен L арасындағы таңдауға көмектесіңіз"деген тақырыпта сауалнама жариялады. Тергеушілер D Death (өлім), ал L — Life (өмір) деп санайды, себебі қыз Facebook-те: "өмірден кеткім келеді, Мен шаршадым"деген статус жазып қалдырған. Instagram-да дауыс бергендердің 69 пайызы "D"нұсқасын таңдаған.

Малайзияның Спорт және жастар саясаты министрі бұл трагедияны бүкіл ел деңгейінде психикалық денсаулықты талқылау қажеттілігі туралы белгі деп мәлімдеді.  Жергілікті парламентшілердің бірі өлім үшін дауыс берген оқырмандар оның өліміне кінәлі болуы мүмкін деген пікірін білдірді.

"Егер оны өз ойынан бастартуға үгіттегенде қазір тірі болар ма еді? Ол көмекке зәрі болды ма екен? Біздің елімізде өзіне — өзі қол жұмсау әрекеті заңсыз болғандықтан, мұндай өлімге себепкер болу да жазалауға әкеп соқтыруы мүмкін", - деді ол.

2019 жылдың қаңтарында Ұлыбританияда балалар игілігі үшін елдегі әлеуметтік желілерді оқшаулау туралы сөз қозғалған еді. Денсаулық сақтау министрінің пікірінше, егер әлеуметтік желілердегі қауіпті контентпен күресудің тиімді шараларын ойлап таппаса, билік осындай шараларға баруға дайын.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр