Өлім аузынан аман қалған пәкістандық Ақтөбе дәрігерлеріне алғысын жаудырды (фото)

Бейсенбі, 16 Маусым , 2016 16:19

Ақтөбеге клиникалық өлім жағдайында  жеткізілген Пәкістан азаматының беті бері қарады. 61 жастағы Бибінұр Мұхаммед қазір облыстық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Төрт күн бұрын диабетке шалдыққан  өкпесі мен бүйрегінде дерті бар азамат  ұшақта есінен танып қалған еді.

дәрігер

Бұл туралы Bnews.kz сайты жазды.

Осыған дейін аппаратқа таңылған азамат енді есін жиды. Өмірін аман алып қалған Ақтөбе дәрігерлеріне алғысын жаудырды.

Пәкістаннан Лондонға жол тартқан «Боинг-777» ұшағы 8 маусым күні Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды. Себебі, 61 жастағы жолаушы Бибінұр Мұхаммед қант диабетімен ауырып, есінен танып қалған. Бүйрегі де сыр берген. Төрт күн бойы облыстық клиникалық ауруханасында ем алған науқастың жағдайы қазір тұрақты. Дегенмен ол әлі жан сақтау бөліміндегі дәрігерлердің бақылауында жатыр.

дәрігер11

«Науқас Бибінұр Мұхаммед 8 маусым күні түсті сағат 3-тен кете жеткізілді. Жедел жәрдем науқастың бір өзін әкелді. Алдын-ала белгілі болғаны, ол қант диабетімен ауырады екен. Тіпті, инсулин қабылдайды. Осы кезде біз кешенді тексеру жүргізіп, диагноз қойған едік. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Егер уақытылы ем жасалмаса, өліп кетуі мүмкін еді»,- дейді облыстық клиникалық аурухананың эндокринология бөлімінің меңгерушісі.

Барлық емді жүргізген Камалхан Ермағанбетовтың айтуынша, науқасқа мультифильтрат аппаратымен гемодиафильтрация жасалды.

«Бұл аппарат бір жарым жылдан бері қолданылып келеді. Күні бүгінге дейін 25 науқас ем қабылдап, бәрінің денсаулығы қалыпқа келді. Ал шетелдік науқастың жағдайында жанында жақын адамы болмады. Сондықтан шешімді өзіміз қабылдап, оны аман алып қалдық»,- дейді ол.

Бүгін Бибінұр Мұхаммедтің балалары мен туған-туыстары Ақтөбедегі ауруханаға келіп, алғыстарын жеткізді. Науқастың қызы Сагда Наусаа ақ халаттыларға ризашылығын білдіріп, анасын аман алып қалған дәрігерлерді төл мерекелерімен құттықтады. Пәкістан азаматы енді 2 күннен соң еліне қайта алады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар