Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермек Тұрсынов: Маған исламнан гөрі тәңіршілдік жақын

Ермек Тұрсынов шығармашылық кешінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, мәдениет министрі мен Тоқтар Төлешовтің фильміне қатысты пікір білдірді.

0

Бұл туралы “Диапазон” басылымы хабарлайды.

lectoriy.kz сайты уақыт өте келе қазақстандық танымал адамдармен кездесу өткізіп отырады. Бұл жолы кездесуге Ермек Тұрсынов келіп,  өзі туралы баяндап берді. Билеттің құны 5 мың теңге болса да, режиссермен жүздесуге көп адам келген. Мұнымен қатар, автор қолтаңба таратып, кітаптарын сатқан.

“Менің қолымда дайын сценарий бар. Біз режиссерлер қайыршы сияқтымыз ғой. Мен көптеген олигархтың алдына бардым. Ол олигархтар мені құшақ жая қарсы алып, иығымнан қақты. Мен оларға “Иығымнан қағатындардың көбі соншалық қазір арқам қатты ауырады. Сен одан да осыншама доллар бер. Мен тамаша фильм түсіріп беремін” деп айтамын.

Олар маған “Жақсы, мен саған ақша бердім делік. Ал сен соны өзіме қайтарасың ба?” дейді. Мен мұның шұжық өндірісі еместігін айтамын. Мысалы, алдыңда сиыр тұрса, оны сойған соң қанша ақша ала алатыныңды шамамен айта аласың. Ал кинода мұндай жоқ. Сондықтан Қазақстанда түсірілген фильм оңайлықпен ақтала қоймайды. Қазақстанда фильмнен миллион доллар түсетіндей кинотеатрлар да көп емес.

Киноға көбінесе 14-24 жастағы жастар барады. Олар “Аватар”, “Трансформерлер”, “Балалық шағымның аспаны” сынды туындыларды таңдайды. Ал менің кином тек терең ойлы жандарға арналады. Менің фильміме көп адам келмейтінін жақсы түсінемін. Десе де, көрерменге сылдыр су дүние ұсынғым келмейді.

Дін туралы

Бірнеше жыл бұрын түсірілім жұмыстары үшін мешіт іздедім. Алматы облысынан да ескі мешіт таба алмадық. Барлығы жаңадан салынған екен. Барлығы әдемі, мәрмәр таспен қаланған. Астанаға ұқсайды. Мен адамдардың осылайша рухсыздықтың орнын толтыратындарын байқаймын.

Адамдар өзінде барлығы жақсы болған кезде құдайға бармайды, олар тек басына іс түскен кезде оны есіне алады. Діннің көптеген түрін көрсем де, ол жерден құдайды көрмеймін. Бұл мүлдем бөлек дүниелер. Бір олигархпен тілдескен едім, ол “Мен мешіт салдырдым, сондықтан жоғары жақта менде бәрі ойдағыдай болады” дейді.

Дәл осы эпизод “Шал” фильміне енген болатын. Яғни олар жоғары жақта біреу есеп жүргізіп отырады деп ойлайды. Меніңше, дін деген сырлы дүние, оны жұртқа жария етудің еш қажеті жоқ. Маған құдаймен сырласу үшін делдалдар керек емес. Бұл жағдайда маған исламнан гөрі тәңір діні жақынырақ.

Мәдениет министрі туралы

Жуырда қазақстандық режиссер Талғат Жәнібеков Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын “пара берді” деп айыптады. Жәнібеков Мұхамедиұлының кесірінен “Феникс” фильмінің түсірілім жұмыстарының заңсыз түрде “тоқтатылғанын” айтты.

Мәдениет министрінің басына көп іс түсті. Бір кездері мұндай жағдай менің де басымда болған. Мен “бірге бір шығу керек” деген ұстаныммен өскен баласымен. “Бір адамға жабылуға болмайды”. Сол себепті бұл жерде оған бір емес, бірнеше адам қатар жабылып жатқандай көрінеді.

Мәдениет мәселелері Мұхамедиұлының тұсында ғана емес, 25 жылдан бері ақсап келе жатыр. Мұхамедиұлымен жақсы араласамыз. Мен оны Өнер институтының ректоры болған уақыттан бастап танимын. Мен ол кезде танымал режиссер болдым, ал ол кезде әлі Мәдениет және спорт министрі болмаған еді. Ол – жақсы азамат, рояльда ойнайды, ән айтады.

Тоқтар Төлешов туралы

Мен “Жақыннан ұрысу” фильміне сценарий жаздым. Алайда маған түсірілім жұмыстары ұнамады, оқиға “бұлдырлау” болды. Сондықтан бас тартуды жөн көрдім. Ал фильм Тоқтар Төлешовтің Шымкенттегі “Shymkent pictures” кинотсудиясында түсіріліп жатқан болатын.

Менен Тоқтар Төлешов жайлы сұрап жатырсыздар ма? Ол, әрине, Шымкенттің өзінде ерекшелене білген адам. Фильмді көрген жоқпын, алайда жұмыс материалдарын жіберген кезде менің титрларымды өшіруді сұрадым. Сценарий үшін ақшамды берді. Адам ретінде Тоқтар Төлешовке тағар айыбым жоқ. Ол бізді үлкен үйінде құшақ жая күтіп алды. Ал Назарбаевтың орнын тартып алғысы келгенінде шаруам жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Ермек Тұрсынов “Жат” фильмінің премьерасы шетелде өтті

Тұрсынов: Есентаева мен Адамбаевтың түсіріп жүргенін кино деп атау ұят

Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін зал толы маймылдар тыңдайды

Талқылау