Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Олигарх емеспін": Пара беріп ұсталған экс-шенеунік 240 миллион теңге айыппұл төлеуден жалтарды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы бас бостандығынан айырылған жоқ. Прокурорға пара берді деп танылған Серікбол Мусинов, сот үкімі бойынша, мемлекет пайдасына 240 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

Экс басшы

Соттың өзіне кескен жазаны естіген Мусинов есінен тана жаздады. Осыншама ақша төлеттіреді деп күтпеген экс-басшы осыған дейін теледидардан түрін көрсетуге тыйым салып келген еді. Бұл жолы журналистерге бірден мұңын шаға жөнелді. 40 жыл елге адал қызмет еттім деген дәрігер бере салатын 240 миллион теңгесі жоқ екенін айтып ағынан жарылды. Десе де, бұрынғы басшының түрмеге де отырғысы жоқ.

Прокурорға пара бермедім деп ант-су ішкен Серікбол Мусинов өзіне жала жабылғанын айтуда. Қалай дегенмен де, соттың шешімі бойынша ол салынған айыппұлды бір жылдың ішінде қазынаға құюы тиіс. Ал оның тексеріс нәтижесін жасырып қалуы үшін прокурорға берген 25 мың доллар парасы мемлекет пайдасына беріледі деп шешілді.

"Өмірімде келіспеймін! Әрмен қарай аппеляцияға беремін. Қандай ақша ол? Мен бизнесмен, мұнайшы немесе олигарх емеспін ғой. Сондай жағдай", - деп өзіне тағылған айыпты теріске шығарды Серікбол Мусинов. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр