Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлгенін қалаған: Екі айлық сәбиін зиратқа тастап кеткен ана жұрттың жағасын ұстатты (фото, видео)

Филиппин тұрғыны Лара Сентильяс өзінің екі айлық ұлы Луиді Кесон провинциясындағы зираттардың арасына апарып тастап еткен. Әйел баласы өліп қалады деп үміттенген. Алайда бірнеше сағаттан кейін жергілікті тұрғындар сәбидің жылаған даусын естіпті.

Өлгенін қалаған: Екі айлық сәбиін зиратқа тастап кеткен ана жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кесон тұрғындары таңертеңгі уақытта баланың жылаған даусын естіген. Олар зират жаққа барып, ол жерден бейіт плиталарының арасында жатқан баланы тауып алыпты. Абырой болғанда, бала зиратта түнімен жатса да, егеуқұйрықтар да, қаңғыбас иттер де оған зақым келтіріп үлгермеген.

Тұрғындар сәбиді жылдам арада ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер медициналық көмек көрсетті.

Өлгенін қалаған: Екі айлық сәбиін зиратқа тастап кеткен ана жұрттың жағасын ұстатты 

«Бізге оның түні бойы зиратта болғанын айтты. Егер оның даусын ешкім естімегенде, жағдай мұнан да қиын болар еді. Зиратта қаңғыбас иттер мен кеміргіштер көп», – дейді Кесон тұрғыны Анжел Кастильо.

Полиция бірден баланың ата-анасын іздестірген. Глория Перес полицияа сәбидің өзінің қызы Лара Сантильястің баласы екенін хабарлапты. Артынша баласын өлімге қиған безбүйрек ана тұтқындалды.

Ендігі әйел баласын қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал аман қалған баланы Филиппин үкіметі өз қамқорлығына алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау