Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлген анасының зейнетақысын 24 жыл бойы алып жүрген әйел сотталды

Қайтыс болған анасының зейнетақысын 20 жылдан астам уақыт бойы өз атына аударып жүрген әйел 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.


Калифорния штатының тұрғыны 66 жастағы Эмма Картер-Александр мемлекетке 298,1 мың доллардан астам қаржы қайтаруы тиіс.

Америкалық әйел өз анасы Дороти Гриффинге 1991 жылдан қамқорлық жасай бастаған. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметі ай сайын жіберіп отыратын зейнетақысын өзінің мекенжайы бойынша алып, чегін қолма-қол ақшаға айналдыру құқығына ие болған. Картер-Александр шешесі Гиффин ол ақшаларды қалай жұмсап жатқаны туралы үнемі есеп беріп отырған. Ал шындығында өз қажетіне жұмсап келген.

Алаяқ әйелдің анасы 1993 жылы қайтыс болады. Он жылдан кейін ол Хьюстоннан (Техас штаты) Вальехоға (Калифорния) көшіп, Әлеуметтік қамсыздандыру қызметіне зейнетақыны жаңа мекенжай бойынша жөнелту қажеттігі туралы хабарлады.

Жыл сайын Картер-Александр зейнетақының жұмсалуы туралы есеп дайындап, жалған мәліметтер заңмен қудаланатынын ескертіп отырған. Қамсыздандыру қызметі осындай «шынайы» сөздерден кейін оның анасы неше жыл бұрын дүние салғанына тіпті күмәнданбаған да.

Оқи отырыңыз:

Бекетте төбелскен қыздардың бірі екіншісін пойыз астына итеріп жіберді (видео)

Instagram бір тал шаш тұрған қытайлық жарнаманы өшірді

Күтуші баланы лифтіде аяусыз ұрғаны таспаға түсіп қалды (видео)

 

 

Талқылау