Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакова Олимпиададан соң “Гауһар лигаға” қатысып күміс медаль жеңіп алды

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова Швейцарияда өткен “Гауһар лига” сайысының 11-ші кезеңінде үш аттап секіру бағдарламасында күміс медаль жеңіп алды.

10985948

Фото: newskaz.ru

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Ол тек колумбиялық Катерин Ибаргуэнді ғана алға оздырды. Ал қоланы грек спортшысы параскеви Папахристу алды. Рио олимпиадасында да осы Ибаргуэн алтын жүлдені еншілеген болатын.

Лозаннада Катерин Ибаргуэн (Колумбия) — 14.76 метрге секірсе, Ольга Рыпакова (Казахстан) — 14.53, Параскеви Папахристу (Греция) — 14.18 метр көрсеткіштеріне қол жеткізді. Рио-де-Жанейро олимпиадасында осы сайыста қола жүлде жеңіп алған Ольга Рыпакова “Гауһар лига” бәсекесіне дайындықты 18 тамызда бастап кеткен болатын.

Еске сала кетсек, биылғы олимпиада ойындарында 14.74 метрге секірген Ольга Рыпакова қола медаль жеңіп алған болатын. Ал колумбиялық Катериан Ибаргуэн болса 15.17 метрге қарғып олимпиада чемпионы атанды.

Талқылау