Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакова олимпиада ойындарының финалына шықты

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үш аттап секіру сайысында іріктеу сынынан өтіп, финалға жолдама алды.

MTZSPDEC77XCDCVT_768x432

Олимпиада стадионында бақ сынаған Лондон Олимпиадасының чемпионы, отандасымыз Ольга Рыпакова бірінші мүмкіндігінде – 14,10 көрсеткішімен төртінші орынға көтерілген болатын, кейін екінші мүмкіндігінде – 14,39 көрсеткішімен екінші орынға көтеріле алды. Бұл оның бірден финалға өтуіне мүмкіндік берді.

Әзірге жарыс жалғасуда. Ал ең үздік нәтижені колумбиялық жеңіл атлет Катрин Ибаргуэн көрсетті. Оның секірген ұзындығы – 14,52. Сондай-ақ, бұл сында қазақстандық Ирина Эктова мен Екатерина Эктова да өнер көрсетеді

Финал 15 тамызда Астана уақыты бойынша 05:55 сағатта өтеді.

Талқылау