Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакова: Қола медаль үшін ризамын, соңғы 4 жыл оңай болған жоқ

Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова Рио Олимпиадасында қола медаль алып, осы жеңісіне көңілі толатынын айтты.

20160606092400

Бұл туралы «Хабар» агенттігі хабарлайды.

«Мен қола медаль алғаныма ризамын. Бұл төрт жыл оңай өткен жоқ. Бүгін мен дұрыс жүгіре алмадым. Кері шегініс сезілгендей болды. Құдайға шүкір, бесінші мүмкіндікте өзімді жинақтап, жақсы нәтиже көрсеттім. Жеңімпаз Катерин Ибааргуен керемет ойын көрсетті. Ол үшін ризамын. Ол биыл ол өте мықты болып тұр. Лондонда өткен Олимпиададан кейін мүлде жеңілген емес. Осы жылы ғана орнын маған беріп қойды. Бірақ ол бұның 4 жылдағы алғашқы жеңілісі», – дейді Рыпакова.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова Олимпиада ойындарында қола медаль алып, спорттық мансабындағы екінші жеңісіне қол жеткізген еді. Спортшы 4 жыл бұрын үш аттап секіруден алтын медальді олжалаған болатын.

Рыпакова Лондонда өтетін әлем чемпионатына дайындалатынын мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ольга Рыпакованың жүлделі орын алған сәті (видео)

Талқылау