Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакова Азия чемпионы атанды

Ольга Рыпакова мен Элина Михина Катарда жабық кешенде өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

1_245

Сурет 7news.kz сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Риддерлік желаяқ қыз Элина Михина 400 м қашықтықта екінші келді, ол Азияның жаңа рекордын орнатқан (51,67) брунейлік спортшы Миждат Олувакемиға ғана есе жіберді.

Ольга Рыпакова күткеніміздей Азия чемпионы атанды. Ол соңғы мүмкіндікте 14,32 м ұзындыққа секірді. Бұл да Азия біріншілігінің жаңа рекорды. Үш аттап секіруден тағы бір қазақстандық шебер  Ирина Эктова үшінші орында.

Талқылау