Өлер алдында хат жазып кеткен Айгүлдің ата-анасы қызының қалай қаза болғанын айтты

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 16:10

Өткен аптада әлеуметтік желіде Айгүл есімді қыздың хаты жарияланды. 22 жасында көздері мөлдіреп, мәңгі мекеніне кете барған мұғалім айықпас дертке шалдыққан.

LxJY3QdLNrc

Фото: kstnews.kz

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Бірақ ерте кетіп қалғанына «медициналық көмек тіркеуге алынған жерде көрсетіледі» деген «ереже» мен ауылдарда кәсіби маманның аздығы әсер еткендей… Ал хаты барды бағалауға, өмірді сүюге шақырады. Сондай кіршіксіз ниет. Заңғар Санай Айгүлдің ата-анасымен жолыққан, олардың жүректеріндегі жара жазылсын ба…

Айгүл Таңатарқызы  тірі жүруге, өмір сүруге, дендеген дертімен күресуге  талпынды. Бірақ, жазмыштан-озмыш жоқ. Келешегінен мол үміт, болашағынан зор  бақыт  күттірген, жас ұстаз жақындарының қабырғасын қайыстырып келместің кемесіне мініп кете барды. Ақылды да, ажарлы қыздың ғұмыры тым келте болды.

Әлия Құсайынова, Айгүлдің анасы: “Қызымның жазған хатын мен айтып интернетке салайық дедім. Жұрттар оқысын. Біз секілді  қара жамылған басқа да  адамдар бар ғой. Білсін, солардың дұрыс істемегендерін. Марқұмның  ата-анасы  Қостанай облысындағы Константиновка ауылында тұрады. Айгүл алғаш ауырғанда ауыл іргесіндегі Рудныйға апарған, бірақ  қалалық емхана дәрігерлері тіркеуде жоқ деген желеумен науқасты  қабылдамай қояды. Мен айтамын  Рудныйда жатқызып,шамалы емдеп тексермеді ме деп.Бізге қатыспайды деп адамды қалайша осылай ауру адамды шығарып тастайды. Сол мені қынжылтады.

Жалпы, министрліктің бәрімізді бір жерге ғана тіркеп қоятынына  қарсымын. Дұрыс емес ғой. Сонда  тіркелмеген адам өле берсін бе? Ол не деген сұмдық… Амалы таусылған  ата-ана  сырқатты екі жүз елу шақырым жердегі  Жітіқара ауданына апаруға мәжбүр болады. Аудан орталығындағы ағайынның үйіне жедел-жәрдем шақыртып, шұғыл жеткен реаниматолог дәрігер Сергей  Акимов  Айгүлдің  жанын сақтап қалады. Осыдан кейін ол  дереу облыстық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер миастения, яғни бұлшық еттің  әлсіздігі деген диагноз қояды. Созылмалы  дерттің  кенеттен асқынып, науқастың денсаулығын күрт нашарлатып жіберетін сипаты бар. Алайда, ауруы  асқынған  бойжеткен бір айға жуық емделіп, тәуір болып шығады”, – дейді Айгүлдің анасы Әлия Құсайынова.

“Денсаулығы оңалған соң біз оны  нейрология бөлімшесіне ауыстырдық. Кейін жақсарып, үйіне жіберілді. Бір өкініштісі оның өлімін біз БАҚ арқылы естіп, қатты  қайғырдық. Себебі, оның денсаулығының тәуірленіп кетуіне аз да болса үлесімізді қосып, әлі де аман-есен жүре тұрады деген сенімде болып ек. Өкінішке қарай дерті асқынып кеткен  сырқаттардың көбісін ауруынан  толық айықтырып, аман алып қалу өте қиын. Біздің қолымыздан келетіні белгілі бір уақытқа олардың денсаулығын жақсартып беру ғана. Олар үнемі ем-дом қабылдап, жіті дәрігердің қадағалауында  болу керек.Өйткені кез-келген уақытта жағдайы  күрт нашарлап кету қаупі бар. Асқынған дерт ақыры  ажал құштырды. Айгүл Құсайынова биыл маусым айында көз жұмды. Қос қыздың кенжесінен қол үзіп, қайғы  жұтып, қара жамылған  әулет селолық  және аудандық дәрігерлердің селсоқ қызметінен көңілдері қалғанын айтады”, – дейді Қостанай облыстық ауруханасы анестезиология және жансақтау бөлімінің меңгерушісі Александр Сачко.

“Көңілім қалып отырғаны мына Садчиков округінің терапевті Старожук деген кісі. Қазір келем, қазір келем деп келмей қояды. Менің қызым ауыр науқастанып жатқанда олардың жедел-жәрдем көлігі де істемей сынып тұрды. Жанары жасқа, көкірегі мұңға толы ата-ананың «Алланың ісіне қайран бар ма» деуден басқа амалы бар ма? Расында ауылдық округтегі  дәрігерлер жанын салып, жанашырлық танытса  науқастың жағдайы басқаша болар ма еді? Оның үстіне Астана жаққа берілетін квота да кеш белгіленді. Біздің қызымызға  квота белгіленді. Ол маусым  айының он үшінен бастап анализдер тапсыру керек еді. Кабинеттерге  жүгіріп, сосын 1 ай күтуі тиіс еді. Бірақ бір күн бұрын көз жұмды. Оқуда озат, педагогикалық  институтқа грантпен  түскен білімді бұрымды бір жылға жуық Рудныйдағы орта мектепте ұстаздық етеді. Дендеген дертіне қарамастан шәкірттерге терең білім беріп, азғана уақытта бірнеше марапатқа кенелді. Бастауыш сыныптарға арналған әдістемелік- құралы үшін Астанада өткен сайыста топ жарып, үздік деп танылған”,- деді әкесі Таңатар Құсайынов.

“Жұмыс істеймін, магистратура бітіремін деп баяғы. Балаларды, оқытқан оқушыларын ойлайтын. Туған-туыстарды, жиендерді ойлап көбінесе өзін емес өзгелерді ойлайтын. Үйіміздің тірегі, қуанышы сол қызымыз еді. Мен сендерге қараймын, көмектесемін дейтін. Ештеңе ойлама деп жұбатушы еді мені”, – дейді анасы.

Бұған дейін желіде қостанайлық 22 жастағы қыздың өлер алдында жазып қалдырған хаты жарияланды.

Жіберіп алмаңыз:

Жүкті әйел мен құрсақтағы сәбиді көліктегі фельдшер жігіт аман алып қалды

Орал тұрғыны ерлі-зайыптыларды пышақтап өлтіріп кеткен

Өскемен тұрғыны дауыс көтеріп сөйлегені үшін танысының бетіне оқ атты

Өскеменде жылытқыштың кесірінен болған өрттен қыз бала мерт болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Пікір қалдыру


Жазира
1 ай 6 күні кері

Менин де Айгул есимди апкем 25 жасында ауырып кайтыс болган. Олда аппак адемі еди. Айгул Кусайинованын анасынын кайгысына ортакпын. Анама өте қатты ауыр соққы болған еді.

Анонимно
1 ай 7 күні кері

Ауыл тугил шымкент каламызда да сондай гой үлкенге де кішігеде бир
даригер

есімім Роза
1 ай 7 күні кері

біздің ауыл да солай педиатр жоқ мысалы үлкендер де балаларды да сол қарайды және ол қарағым айына бір рет келеді вакцина салатын кезде ғана

Анонимно
1 ай 7 күні кері

Биздеде таразда сондай олсенде карамаиды

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар