Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Оларды ұмытқан жоқпыз": Өскенбаев оралмандарға үй қалай берілетінін түсіндірді

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елге көшіп келген оралмандарға үйдің қалай берілетінін түсіндірді. Бұл туралы ол бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ОКҚ-да өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Оралмандар, апатты аймақтан келген азаматтар әкімдікте тізімде тұрса, сол тізім бойынша беріледі. Оларға толықтай жылда берілетін ақша бөлініп жатыр. Біз көп балалы отбасылардың мәселесін шешіп, оларды ұмытып кетті деп ойламаңыздар. Жыл сайын қанша үй салынса, оларға сонша үй берілетін болады. Биыл 6 мыңдай пәтерді қалған азаматтарға беруді көздеп отырмыз. Сол себепті олар да үйді кезекпен алатын болады», - деді вице-министр. 

Әрі қарай ол жастарға да жеңілдікпен үй беру мәселесінің қарастырылып жатқанына тоқталды. 

«Елбасының тапсырмасымен жастарды үймен қамтитын пилоттық жоба басталды. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1 000 пәтер салынатын болады. Алдағы үш жылда да дәл осылай мың пәтерден салынаls. Осы жоба іске дұрыс асып жатса, әрі қарай да жалғасын табады», - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр