Олар "гей" емес: Алмат Сақатов Ninety one тобы туралы

Кезінде "Бауыржан шоу" театры арқылы көпшілікке танылған актер Алмат Сақатов атышулы Ninety one тобы туралы пікір білдірді. Актер оларды жақтап сөйледі. Бұл туралы Stan.kz "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алмат Сақатов"Ерболат не істеді? "91" тобын шығарды, ол топтың нендей кемшілігі бар? Олар "гей" емес. Олардың алабажақ киініп шыққаны ма, әлде сахнаға шығып, секіріп билегендері кемшілік пе? Бірінші білу керек.

Оларды жастар жақсы көре ма? Жақсы көреді. Неге? Менің балам да жақсы көреді. Ауылда жүрген, ақылды адам тәрбиелеп отырған адамның баласы да жақсы көреді. Ол жасқа арналған топ. Олар қазір шашын түзеп, орындарына келе бастады. Ол жасқа байланысты. 14-16 жастағы балалардың ішінде қайнап жатқан қарсылық бар. "Сенікі дұрыс емес" десе іштей менікі дұрыс деп революциялық қарсылық болады. Мен де сондай болғанмын. 18 жасымда құлағымды тесіп, былғары шалбар мен былғары етік киіп, шашымды бұйралап, жас кезімде сахнада жүргем", - дейді Сақатов. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр