Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол туралы мүлде ойламастан, қалай ақша жинауға болады?

Соңғы зерттеулер бойынша, 20 пайыз қазақстандықтың қор жинағы бар, бірақ сол адамдардың тек 8 пайызы ғана жинаған ақшасына бір жыл немесе одан да көп уақыт өмір сүре алады.

kak-kopit

Фото: sobinam.ru

Ақшаны 50/20/30 ережесін пайдалана отырып, жинаңыз.

Біреулер еңбектеніп ақша тапқанымен жинай алмайды, ал енді бірі ерте ме, кеш пе жинаған ақша да жаратылады, одан да бірден жұмсап тастау керек деген ұғымға сенеді.

АҚШ-та да ақша жинау оңайға түспейді. LearnVest стартапы және Financially Fearless кітабының авторы Алекс фон Тобелдің айтуынша, америкалықтардың 76 пайызы жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреді. Көптеген жастар колледжегі оқуы үшін алынған қомақты сомадағы қарызбен ересек өмірге аяқ басады. Олар сөйтіп ақша жинай алмайды: барлық тапқаны пәтер жалдауға, несие төлеу мен басқа да шығындарға кетеді.

Фон Тобель жалақыны қайда жұмсау керектігін айтады:

50 пайызы барлық қажетті нәрсеге жұмсалуы тиіс: аренда немесе ипотека, азық-түлік, коммуналдық төлемдер, киім. Әрине, барлығы бірдей мұны істей алмауы мүмкін: біразында пәтер арендасына жалақының жартысы, тіпті одан да көп жұмсалады. Бірақ, ынталануға себеп бар.

Жалақының қалған 20 пайызы қандай да бір қарыздар болса, соны төлеуге кетеді. Ал егер қарыз болмаса, онда бұл 20 пайыз ақшаны бірден жинайтын қаражаттың қасына қосуға болады.

Қалған 30 пайыз қаржы көңіл-көтеруге кетуі мүмкін: дүкен аралау, мейрамхана, өз-өзіңе күтім жасау және басқа. Бұл формуладағы ең маңызды бөлігі – 20 пайыз. Тобель ақшаның белгілі бір бөлігін өзіңе міндетті түрде қалдыру керек дейді. Бұл мотивацияны жоғалтып алмау үшін өте маңызды.

Талқылау