Ол мінезді боксшы. Тищенко Левитке алғысын білдірді

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек , 2016 9:23

Ресей спортшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Евгений Тищенко Риодағы жарыс кезінде қазақстандық Василий Левит турнирдің ең мықты оппоненті болғанын мойындады.

20160919082029

Бұл туралы боксшы “Комсомольская правда” газетінің сұрақтарына жауап берген кезде айтты.

«Шиеленіс жағынан және қарсыластың деңгейі бойынша ең ауыры финал болды. Василий Левит менің оппоненттерімнің арасында ең мықтысы болды», – деді Тищенко.

Ол сондай-ақ, боксшыларды марапаттау рәсімінде қазылар алқасының шешіміне келіспеген халықты тыныштандыруға тырысқан Василий Левитке құрметпен қарағанын айтты. Еске сала кетейік, ақтық сайыста қазылар алқасының шешімімен қазақстандық боксшы В.Левит қарсыласы ресейлік Е.Тищенкодан жеңіліп, «күміске» лайық деп танылды.

«Нәтиже шыққан бойда зал маған қарсы болды. Жекпе-жек барысында Василийдің қолдаушылары көптігін сезіндім. Кейін жеңіс қолымда екенін түсініп, оған мән бермеуге тырыстым. Маған марапаттау кезінде және одан кейінгі баспасөз мәслихатында өз-өзімді лайықты ұстау ғана қалды. Мен оған мән бермеуге тырысты. Василий құрметке лайық», – деді Тищенко.

Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуі жанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.

Жіберіп алмаңыз:

Василий Левит: Тищенкомен реванш жекпе-жекке шығуға дайынмын

Тищенко өзінің Левитті жеңгенінде күмән болмауы тиіс екенін мәлімдеді

Олимпиада жүлдегері Василий Левит сал ауруынан емделіп шыққан баланың тұсауын кесті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Дана says:

    Қазақстанның спортшылары мықты екенін әлем мойындады. Осының өзі біз үшін жетістік!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар