Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол қылмыскер емес: Денис Тен өлімі үшін сотталған Толыбаеваның анасы сотта жылады

Денис Теннің өлімі үшін 4 жылға сотталған Жанар Толыбаеваның анасы сотта жылап қалды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі сот залынан.

Фото: Total.kz

Бүгін Денистің өлімі үшін айыпталған үш күдіктіге сот шешімі шықты. Құдайбергенов пен Қиясов 18 жылға, Толыбаева 4 жылға сотталған болатын. Алайда Толыбаеваның анасы қызының қылмыскер емес екенін айтып жылады.

“Бұл ауыр жаза. Қызым қылмыскер емес. Олай ойламаймын. Ол ешқашан жаман нәрсе жасаған емес. Ол оқыған адам. Мамандығы – мұғалім. Бұл жай ғана қайғылы жағдай еді”, – деді Жанар Толыбаеваның анасы.

Жанар Толыбаеваға қылмыс және жайлы хабарламағаны үшін және алдын ала келісілген ұрлық үшін айып тағылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау