Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол кінәсіз: Денис Теннің ісіне қатысты үшінші күдіктінің анасы қызы туралы айтып берді

Денис Теннің ісіне қатысты үшінші күдікті 22 жастағы Жанар Толыбаеваның анасы оқиғаға байланысты өз нұсқасымен бөлісіп, қызын қандай себеппен айыптап отырғандарын айтты,  деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі  tengrinews.kz-ке сілтеп.

Ол кінәсіз: Денис Теннің ісіне қатысты үшінші күдіктінің анасы қызы туралы айтып берді

Гүлстан Ілиясованың сөзіне қарасақ, күдіктілердің бірі қызына қылмыс туралы айтып, бұл туралы ешкімге жақ ашпауын сұраған екен. Қыз оқиға туралы хабарламаған соң, енді оны қысмыстың болғанын жасырды деп айыптап отыр.

«Жанар барлық іс-шараларға қатысып әрдайым белсенді болып жүретін. Волейбол ойнап, турнирлерге қатысып жеңіп жүрді. Ол ауылда ешқашан ешкіммен қақтығысқан емес. Енді  оны қылмыс жасау үшін әлгі жігіттермен сыбайлас болды деп айыптауда. Менің қызымның еш кінәсі жоқ», – деп сендіреді Гүлстан.

Жамбыл облысына қарасты ауылда тұрған Жанар 14 шілдеде Алматыға кетіп қалған екен. Ол бастауыш сынып мұғалімі ретінде білім алған. Ал, осы жазда кафеде даяршы ретінде жұмыс істемекші болып Алмаға келді. Жамбылдық бойжеткен даяршы болып күніне 5-7 мың теңгеге дейін табыс тауып жүрген.

«Біздің отбасымыз 11 адамнан тұрады. Мен алты баланың анасымын. Әкесі бұған дейін фабрикада жұмыс істеген, бірақ денсаулығы нашарлап екі ай бұрын ол жерден шығып кетті. Мен қызыма әрқашан сенетінмін, ол өте мұқият бала болды. Қызым екі күдіктімен пәтерде бірге тұратын құрбысы арқылы танысқан»,-дейді Жанардың анасы.

Үшінші күдіктінің анасы, бұл жігіттердің Астанадан Алматыға 17 шілдеде келгенін айтты. Оның сөзінше, олар бұған дейін бір-бірін танымаған.

«Қиясов әлгі қыздың кездесіп жүрген жігіті болған. Қызым маған ол жігіттер туралы айтпады. Біз тергеушілердің қатысуымен ғана сөйлескен болатынбыз. Ол маған: «Анашым мені кешірші, сенің үмітіңді ақтай алмадым деді», – деп есіне алады әйел.

Дегенмен, Денис Теннің ісіне қатысты күдікті ретінде қамауға алынған 22 жастағы Жанар Толыбаева бұған дейін мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған  екен.  27 шілде күні ол 2 айға қамауға алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау