Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол ешқашан ішпейді: Өз ұлын таспен ұрған ер адамның туыстары оның кінәлі екеніне сенбейді

4 жасар ұлының басынан таспен ұрғанын мойындаған Мұрат Асқароғлының туыстары оның кінәлі екеніне сенбейді.

Ол ешқашан ішпейді: Өз ұлын таспен ұрған ер адамның туыстары оның кінәлі екеніне сенбейді

Бұл туралы bnews.kz-ке сілтеме жасап,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Күдіктінің апайы Нигар Мұратова туысы Мұрат Асқароғлының еңбекқор және ешқашан ішімдік ішпейтін адам екенін айтты.

«Ол ешқашан ішпейді, бізде ондай жоқ. Оның мінезі жайлы, тыныш. Өзі жұмыс істейді. Ол тіпті, көлік қағып кеткен итті үйге әкеп, оны бағып қамқорлық көрсетті. Ит па, мысық па қарамайды бәріне қамқор. Сенбесеңіздер үйіндегі жануарларды келіп көріңіздер. Ол бұны істемеді, біреулер оны жасауға мәжбүрлеген. Егер ол шынымен де ұлын ұрса, онда екі апта бойы қалай тып-тыныш жүреді екен» – дейді Мұрат Асқароғлының апайы Нигар Мұратова.

Әйел ұлына сонша қамқор болған адам осындай әрекетке барады дегенге мүлде сенбейді. Сонымен қатар, ол сол күні Мұраттың ішімдік ішпегеніне сенімді.

«Ол жансақтау бөлімінде жатқан баласын қарап жүгіріп жүрді. Қанша күн бойы сол жердің есігін күзетіп, осында болды. Бұны ол істеді деп айтуға қалай ауыздары барды. Баланы ол ұрған жоқ. Оның үстіне Мұрат ол күні ішімдік ішпеді. Сіздерге тағы да қайталап айтамын біздің бала кінәлі емес », – дейді күдіктінің апайы.

Айта кетейік, Алматының шығыс айналма жолынан табылған 5 жасар баланы туған әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды. Содан кейін бұл жантүршігерлік жаңалықты естіген Мұрат Асқароғлының туыстары қайғылы оқиға орын алған жерге жиналды. Ал кешегі сот отырысында күдікті туған баласын ұрып-соққанын мойындап, ол іс-әрекетіне өкінетінін айтып, жылап жіберді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау