Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқырмандары Жеңіс Ысқақованың сымбаттылығына таң қалды

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова тыңдармандарымен қайта қауышты. Яғни көптен бері көрінбей кеткен әртіс Инстаграм парақшасына су жаңа суреттерін жариялады.

Screenshot_13

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елдің көзінен таса болып жүрген уақытта әнші құр қарап жүрмепті. Нені меңзеп отырғанымды өздеріңіз де қазір байқайтын боласыздар.

Әнші артық салмақтан қалай арылғанын құпия сақтауда. Ал желі қолданушылары Ысқақованың әдемілене түскенін бірден байқаған.

«Әйел баласы жыл өткен сайын сұлулана түседі деген рас», «әдемі болып кетіпсіз», «шашыңыз өсіпті ғой, керемет», – деп жазған желі қолданушылары.

Жұлдыздар дене бітімдеріне қатты мән береді. Жуырда ғана әнші Алмас Кішкенбаевтің артық салмақтың кесірінен сахнаға шықпай жүргенін хабарлаған едік. Ендеше, Жеңіс ханым, арықтаудың құпиясын елге жарияламасаңыз да, Кішкенбаев мырзамен бөлісіңіз!

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова ұлдарының өтінішін орындап танымастай өзгерді (фото)

Әнші Жеңіс Ысқақованы тыңдармандары танымай қалды

 

Талқылау