Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқып жылап отырмын: Анна Седокова Баянның кітабына қатысты пікір білдірді

 

Украиндық сылқым, «ВИА Гра» тобының бұрынғы әншісі Анна Седокова қазақстандық продюсер Баян Есентаеваның кітабына қатысты пікір білдірді.

2883306

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Седокова желідегі парақшасына ұшақ салонында отырған суретін жариялап, кітап авторына пікірін жолдады.

“Дәл қазір өте жоғары биіктікте ұшып барамын, сіздің кітабыңызды оқып, жылап отырмын. Сіз көптеген әйелдер ауыз ашуға қорқатын дүниелер туралы жазыпсыз: өлім, қызғаныш, өшпенділік, жан-жара, өз еріңнің көлеңкесінен артық адам болуға ұмтылу. Балаларға деген шексіз махаббат. Оларды қалай дұрыс тәрбиелеу керек? Қалай сағын сындырып алмау керек? «Мен әркез сенің жағыңда боламын» – бұл ананың балаға айтатын ең негізгі сөздері. Өте тамаша кітап. Сіздің өміріңіз ерекше», – деп жазды Седокова.

Бұдан өзге, Анна Седокова Аналар үйі жобасын дамытқан жағдайда, Баян Мақсатқызына қолдау көрсететінін айтты.

Алайда кейбір желі оқырмандары Седокованың жазбасының шынайылығына күмән келтірді. Олардың болжамынша, Баян Мақсатқызы жарнама үшін Седоковаға ақша төлеген болуы мүмкін.

Десе де, Аналар үйі жобасын қолдап, Седокованың жазбасына оңды пікірлерін қалдырған желі оқырмандары көп болып шықты.

Айта кетейік, Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» атты кітабы шілденің 5-інен бастап сатылымда.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

“Әлем миссисі-2017” байқауына Қазақстан атынан 31 жастағы Камилия қатысады (фото)

Ерке Есмахан ұлының әкесімен кездесуіне рұқсат берді

Африкалық әйел Димаштың әнін тыңдап, 28 жылда алғаш рет жылағанын айтты (видео)

Талқылау