Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқымыстылар тәтті тұтына отырып арықтаудың жолын тапты

Тель-Авив оқымыстылары әлемдегі тәтті құмарлардың арманына қол жеткізудің жолын тапты. Адамдар тәттілерден бас тартпай-ақ артық салмақтан арыла алады екен. Тек  қантты заттарды қай уақытта тұтынудың уақытын білу керек екен.

тәтті

Сурет:4tololo.ru

Бұл туралы adme.ru сайты жазды.

Мұндай қорытындыға келмес бұрын мамандар арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олар 193 артық салмақты адамды тәжірибеге алған. Оларды екі топқа бөліп, екі түрлі мөлшерде тамақтандырған. Бірінші топ таңғы асқа 300 ккал, екінші топтың ас мәзіріне 600 ккалдық ас пен тәтті қосылған. Мұндай айырмашылық тек таңғы аста. Ал екі топтың күндік тұтынатын калориясы негізінен бірдей.

Тәжірибе жүргізіліп жатқан 8 айда қатысушылардың барлығы 15 келі салмақ тастаған. Тағы 8 айдан кейін  күтпеген жағдай орын алған. Таңғы асқа тәтті тұтынған топтың адамдары тағы 7 келіден салмақ тастаған. Ал таңғы асты аздау қолданған топтың адамдары тағы 8 айдан кейін салмақ тастаудың орнына 10 кейбірі одан да көп салмақ жинаған. Ал тәжірибе жұмысы аяқталған кезде тәттіге құмарлардың ең азы 20 келі салмақ тастаған. Екінші топтағы адамдар 5 немесе одан да аз салмақтан арылыпты.

«Таңғы асты аз тұтынғандар үнемі ашығып, тамаққа деген тәбеттері басқа дүниені ұмыттырып тұрды. Ал таңғы ас кезінде тәтті жегендер қажетті уақытта ғана тамақтануға еш қиналған жоқ. Тәттіні таңғы ас кезінде тұтынған айтарлықтай орынды әрі пайдалы»,-дейді  дәрігер Даниэла Якубұлы.

 

Талқылау