Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқымыстылар адам зәрінен сыра жасады

 Гена Университетінің зерттеушілері адам зәрінен су мен минералдарды ажырата алатын құрылғы ойлап тапты. Бұл құрылғы  күн сәулесі арқылы жұмыс істейді. Оқымыстылар адам зәрінен алынған суды сыраға, тағы бірнеше тағам өнімдеріне айналдыруды жоспарлап отыр.

сыра

Бұл туралы Университеттің ресми сайтында жарияланған.

Зәр тазарту үшін үлкен бөшкеге құйылады. Ондағы сұйықтық күн сәулесінен қуат алатын құрылғының көмегімен қыздырылады.Осы кезде зәр буланып, суы бөлек шығады. Оқымыстылар осы суды ішуге жарамды деп отыр. Енді оны бөтелкелерге құйып, стадион, вокзал, әуежай сияқты қоғамдық орындарда сатуға шығармақшы.

Зерттеушілер он күн ішінде зәрден бөліп алған мың литр суды сыраға айналдырмақшы.

Оқымыстылар бұл судың адам өміріне айтарлықтай үлкен өзгеріс әкелеріне сенімді. Олар құрылғының бұл түрін көбейтіп шөлді жерде тұратын адамдардың мәселесін шешуді ұсынды.

 

 

Талқылау