Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқыған жанға тілегені берілетін Құрандағы екі сүре

Құранның бастауы саналатын Фатиха сүресінің артықшылығы өте көп.

Оқыған жанға тілегені берілетін Құрандағы екі сүре

 

Сондай ерекшелігінің бірі туралы Әбу Сағид Рафиғ ибн әл-Муғәллә (р.а.) айтады: «Расулуллаһ (с.а.у.) менің қолымнан ұстап тұрып: «Сен мешіттен шығудан бұрын саған Құранның ең қасиетті сүресі қандай сүре екенін айтайын ба?» деген едіңіз, – дегенімде Ол (с.а.у.): «Ол – әлхамдулилләһи Роббил-ъаламин». Фатиха сүресі әр намазда оқылатын жеті аят және маған түсірілген қасиетті Құранның бәрі», – деп жауап берді, деп жазады islam.kz.

Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Жәбірейіл (ғ.с.) Нәбидің (с.а.у.) жанында отырған уақытта, Нәби (с.а.у.) төбеден есіктің ашылғанына ұқсаған дыбысты естіді. Жәбірейіл (ғ.с.) төбеге қарап: «Бұл дүние аспанының қақпасы. Ол осы күнге дейін жабық болып, енді ашылды», – деді. Ол қақпадан сол күнге дейін жер бетіне түспеген періште түсті. Періште Нәбимен (с.а.у.) сәлемдесіп: «Сүйінші! Саған (с.а.у.) осы уақытқа дейін ешбір пайғамбарға берілмеген екі нұр берілді. Ол – Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы бөлігі. Бұл екеуінің қайсысын оқысаң да, тілегенің беріледі», – деді».

 

Талқылау