Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушының таусылмайтын проблемасын жіпке тізген анаға министрдің өзі жауап берді

Алматылық ата-ананың интернет арқылы жасаған бейнеүндеуіне Білім және ғылым министрінің өзі бүгін жауап берді. Ерлан Сағадиев, 1 сынып оқушыларының көтеретін жүгі нормадан 2-3 есе көп деген мәселеге қатысты қабылданатын шешімдерін таныстырды. Қазір тиісті мамандар зерттеулер жүргізіп жатыр екен.

сагадиев

Бұл жайлы 31 арна хабарлап отыр.

“Оның шешімі бар. Мысалы оқулықтарды 2 бөлімге бөлу. 1 жартыжылдық, сосын 2 жартыжылдық. 1 сыныпта ол жұмыс жасалған. Енді жаңа жылда 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныпқа сол жұмыстарын қарастырып жатырмыз”, – дейді министр.

Министр, бұлай болған жағдайда бағасы өсуі мүмкін екенін жасырмады. Алайда, баспа орындарымен бағаны қатты қымбаттатпау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Әйтеуір, реттеуге барын салмақ.

Ал, Салтанат Тәжиеваның видеоүндеуіндегі тағы бір мәселе – 1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардағы тапсырмалардың күрделілігі болған еді. Сағадиев мырза, бір балаға қиын болған сұрақ, екіншісіне мүлдем оңай болуы мүмкін, ешқашан бәріне ұнайтын нәрсе болмайды деп жауап берді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау