Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушыларын ашық балағаттаған мұғалімнің қылығы жұртты шошытты

Сыныпта отырып оқушыларын аямай балағаттаған ұстаздың қылығы жұртты шошытты.

9

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әйел ұстаздың жүйкесі тозғандығы ма, әлде оқушылардың шектен шыққаны ма, ол жағы белгісіз. Әйтеуір видеодағы жас ұстаз шәкірттеріне шетінен екілік бағаны қойғанымен қоймай, боғауыз сөздер айтып ашық балағаттап жатыр.  Оқушылары да мұғалімнің мұндай  сөзіне үйреніп қалған сыңайлы. Таңдана қараудың орнына ұстаздарын әжуалай түсуде.

(Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады)

Жоғары санатты ұстаз, ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында аталған курсты бірінші (ілгері) деңгей бойынша бітіруші Өмірбек Шыныбекұлы жас ұрпаққа нағыз ер-азаматтың бойындағы табандылық пен ерлік сынды қасиеттерді сіңіру үшін мектепке ер-азаматтарды жұмысқа тартуды ұсынған болатын. Жоғарыдағы видеодан кейін ұстаз сөзінің жаны бар дерсіз.

“Мұғалімдердің 90%-ы әйел.  Сол әйелдің кемі 60%-ы әртүрлі жағдаймен еркексіз жүрген қыз-келіншек. Бала кімнен тәрбие алып жатыр?  Ылғи әйелдердің тәрбиесінде жүріп, ерлік пен өрлікті кімнен үйренеді? Олардың біразы ертең мектепке мұғалім болып барады…
Шет-шегі жоқ бірдеңе…”, – деп Өмірбек Шыныбекұлы қоғамда жалғызбасты аналардың көптігін тілге тиек етті. Олардың жеке өмірі қызметіне кері әсерін тигізетін  айтқан.

Ары қарай “Қандай жолмен болса да ер – азаматты мектепке тартудың амалын табу керек…”, – деп жоғары санатты ұстаз Өмірбек Шыныбекұлы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше екенін меңзеді. Ал видеодағы ұстаздың әрекетіне қатысты қазірге ешқандай ақпарат жоқ.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін Алматыда оқушыға орындық көтергізіп қойған мұғалімнің жұмыстан қуылғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау